Қытай КХДР-дан келген жұмысшылар санын қысқартуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай КХДР-дан келген жұмысшылар санын қысқартуда. Мұны Жапония мен АҚШ шикі мұнайды жеткізуді қысқартумен қатар Пхеньянға қысым көрсетудің барынша пәрменді тәсілдерінің бірі деп санайды. Себебі бұл шетел валютасын алудың негізгі арналарының бірі. Бұл туралы Nikkei-ге сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Оның деректеріне сәйкес, 2016 жылғы наурызда Қауіпсіздік кеңесі КХДР-дің төртінші ядролық сынағына байланысты кезекті қарарды қабылдағанда, Қытай билігі кей компанияларға жұмысқа солтүстіккорейлік жұмысшыларды алмауға нұсқау берген. Содан бері мұндай компаниялар саны біртіндеп ұлғаюда. Бұл талап әсіресе КХДР -мен шекаралас Цзилинь және Ляонин провинцияларында қатаң қойылып отыр. Сонымен қатар, газеттерде бұған байланысты ресми жазбаша өкімдердің түспегені туралы жазылды. Қытай БҰҰ ҚК қарарларына негізделмеген біржақты санкциялар енгізуге сыни көзбен қарайды.