Өкімет орындары дефольттан қауіптенеді. Реттеуші сондай-ақ аймақтық басқармаларынан сенімді басқару саласындағы тәуекелдерге мұқият болуды талап етті. Комиссия пайымынша, көмір өнеркәсібінің жай-күйі Қытайдың банк секторы үшін үлкен тәуекелдер туғызбақ.
Реттеушінің бұл салаға назар аударуына қорлардың бірінің 3 млрд. юань сомасындағы - бұл 500 млн. доллар шамасында - міндеттерін орындай алмауы себеп болды. Осы қордан ақша алған көмір компаниясы банкрротқа ұшыраған. Дефолт сенімді басқарудағы бүкіл нарыққа инвесторлардың сенімін азайтады. Бұл әлемдегі екінші ірі экономиканың тұрақты өсіміне қауіп төндіруде. Талдамашылар нарық Қытайдың көмір өнеркәсібіне алаңдаушылығын тудырып отырғанын атап өтуде, өйткені ол ел экономикасының негізгі салаларының бірі және банк осы сектор компанияларына біраз қарыз берген. Өткен жылы көмір бағасы 16 пайызға төмендеп, көптеген өндірушілерді өнім шығаруды азайтуға мәжбүрледі. Сарапшылардың айтуынша, үкімет проблемалы компанияларға қаржылық қолдау көрсетуге асығар емес.