Қытай компаниясы Ақтөбе облысында цемент зауытын салуды жоспарлауда
00:12, 29 Қазан 2015
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және «Хуасинь Цемент» корппорациясының вице-президенті, шетелдік инвестициялар жөніндегі директоры Лю Юнься ханым қытай тарапының Қарғалы ауданы Приозерное кентінде цемент зауытын салуы перспективаларын талқылады.
Облыс әкімі зауыттың өнімі құрылыс индустриясы жақсы дамып келе жатқан ақтөбе өңірінде сұранысқа ие болатынын атап өтті.
«Жыл сайын цементті қажет етеін өндірістік және басқа да нысандар құрылысы жайлы айтпағанда, 450-500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізіледі», - деп атап өтті Б. Сапарбаев. Бұдан басқа, темір жол және автомобиль жолдары желісі, оның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі цементті көрші облыстарға ғана емес, шетелдерге сатуға мүмкіндік береді.
Тараптар жергілікті билік органдары тарапынан жәрдемдесуді талап ететін бірқатар мәселелерді талқылады. Оның ішінде шикізат өндіру, Ақмола облысының газ құбырына қосылған оқу орындары базасында мамандар дайындау бар.