АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясы (CNPC) Бұхара облысындағы үш ірі газ конденсаттық кен орнынан газ шығаруға кіріседі, деп хабарлайды Podrobno.uz .
«Өзбекмұнай-газ» Ұлттық холдингтік компаниясындағы мәлімет беруші адамның айтуынша, кен орындарында жылына 1 млрд текше метр газ өндірілмекші.
Бұған дейін New Silk Road Oil & Gas Company Ltd өзбек-қытай бірлескен кәсіпорыны биыл Қаракөл кен орнының инвестициялық блогынан (Бұхара облысы) газ өндіруге кірісетіндігі айтылған болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.