Төрт күнге созылатын мәжілістің барысында елді дамытудың келесі бесжылдық жоспары талқыланады.
Бақылаушылардың айтуынша, пленумның күнтәртібіндегі басты мәселе - 2011-2015 жылдарға арналған Қытайдың XII бесжылдық жоспарына ұсынылған кеңестерді талқылау болмақ. Бесжылдықтың нақты жоспары Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының келесі жылдың наурыз айында өтетін сессиясында бекітіледі.