Бұл туралы сейсенбі, 23 қараша күні Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихаты барысында ҚХР СІМ ресми өкілі Хун Лэй мәлім етті.
Қытай дипломатының хабарлауынша, шын мәнінде жағдайдың қандай екендігі әлі нақтылауды қажет етеді. Қытай сәйкес тараптарды Корея жарты аралындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа апаратын іс-әрекетерді қолға алуға шақырады.
«Біз осы оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіреміз», - деп атап өтті ол.
Сейсенбі, 23 қараша күні Корея Республикасының батысына қарай орналасқан Енпхендо аралын ҚХДР тарапы зеңбірекпен атқылаған болатын. Оңтүстікореялық әскер оған қарсы оқпен жауап берген. Пхеньян осы оқиғаға қатысты әлі ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ.