Қытай қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны ұлғайтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай қорғаныс саласына бөлінетін шығысты 7 пайызға арттырады. Бұл туралы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 12-ші шақыртылымы 5-ші сессиясының ашылуында ҚХР жоғары заң шығару органының ресми өкілі Фу Ин айтты, деп жазды ТАСС.

«Әр жылы үкімет қорғаныс саласына шығыстарды айқындайды. 2017 жылы біздің бюджет шамамен 7 пайызға ұлғаяды, шығыстар үлесі елдің ЖІӨ-нің 1,3 пайызын құрайды», деді ол АҚШ-тың әскер саласына бөлінген шығыстарының көбейгенін атап өтіп.

«Мюнхенде қауіпсіздік конференциясында болғанымда оның қатысушылары қорғаныс саласына қатысты шығысты 2 пайызға ұлғайтуды ұсынды. Сол себептен де біз әскери шығыстарды ұлғайтуды жалғастыра бермекпіз, - деп қосты ресми өкіл.

Фу Ин өткен онжылдықта ірі жанжалдар мен соғыстар болып, ол шығынды да босқындар санын да ұлғайтқандығын атап өтті.

«Қытай басқа елге бірде-бір рет зиян келтірген емес», - деп атап өтті ол.

Шекаралық, теңіздегі дауларға қатысты айтсақ, қытайлық билік «келіспеушілікті диалог және консультация арқылы бейбіт шешуге шақырады».

«Егер Оңтүстік Қытай теңізіндегі жағдай туралы айтсақ, жағдай жақсарып келеді. Оның келешегі көп жағдайда, АҚШ әрекетіне байланысты болмақ», - деп санайды Фу Ин.

Қытайдың әскери бюджетін 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда, 7,6 пайызға, яғни, 954 млрд юаньға (около $146 млрд жуық) дейін ұлғайту жоспарланған. 2015 жылы Қытайдың қорғанысқа бөлінген шығыстары 887 млрд юань (2015 жылғы наурыз бағамы бойынша $144,2 млрд) деңгейінде болған. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 10,1 пайызға артық.