Мьянмамен шекарада орналасқан Жуйли қаласының (Юньнань провинциясы) әкімшілігі сейсенбіден бастап аталған елдімекеннің барлық тұрғынын COVID-19 нуклеин қышқылдарына тестілеуден өткетінін туралы жариялады.
Сонымен қатар, Жуйли қаласының барлық тұрғынына бір апта бойы үйден шықпауға және аса мұқтаждық болмаса елдімекеннен кетпеуге бұйрық берілді. Сонымен қатар 14 наурыздан кейін Жуйли қаласынан кеткен тұрғындар тұрғылықты жері туралы жергілікті органдарға хабарлауы тиіс, олар міндетті түрдеі коронавирус тестісін тапсырады.
Жуйлиде 200 мыңнан астам адам тұрады. Қала Юньнань провинциясының Дэхун-Дай-Цзинпос автономиялық округінде, Мьянма шекарада орналасқан.
Авторы Руслан Сүлейменов