02:35, 01 Қыркүйек 2013
Қытай: Қоймадағы аммиак сыртқа тарап, 15 адам қаза тапты
АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шанхайда қоймадағы аммиактың сыртқа шығуы салдарынан кемінде 15 адам қаза тапты. Бұл жайында Утро.ру жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.
Оқиғада мұздатқыш қондырғылардың бірінде орын алған. Жергілікті басылым ақпаратына қарағанда, уланған 30 адам ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта жергілікті билік апаттың орын алу себептерін анықтау үстінде.