Қытай Күз ортасы мерекесін атап өтеді

БЕЙЖІҢ. Қазанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Күз ортасы мерекесі (Чжунцюцзе) - қытайлардың күнтізбесіндегі ең маңызды күндердің бірі. Чжунцюцзе өнім жинауға байланысты дәстүрлі мерекелерге жатады және оның тарихы Таң династиясынан бастау алады.

Биылғы жылы Күз ортасы мерекесі Қытайдың Ұлттық күнін - ҚХР-дың 60 жылдығын тойлаудан кейін екі күн өткен соң, қазанның 3-іне сәйкес келіп отыр. Осыған байланысты қытайлықтар өздерінің Ұлттық күнін және Күз ортасын қосып атап өтеді. Демалыс 8 күнге созылады, ол ҚХР тарихындағы ең ұзақ мерекелік кезең болып отыр.