Бұл өнерпаз қыздың есімі - Уаң Нан Фей, Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысында дүниеге келген. Ол қазақ биін билеп, қазақ әнін айтуды ұнататын көрінеді. Осы өнерінің арқасында бойжеткен Қытайдағы ең танымал ән байқауларының бірі "Шиң гуаң да даудың" апталық жүлдегері атанып отыр.
Қазіргі таңда Уаң Нан Фей Пекиндегі Ұлттар университетінде білім алады.
Айта кетейік, Жанар Дұғалова біраз уақыт бұрын Татарстанның Қазан қаласында аяқталған халықаралық "Түрквижн 2014" ән байқауында Қазақстан намысын қорғап, жеңімпаз атанған болатын.
Қазіргі таңда ол әншілік өнерімен қоса сазгерлікке де ден қойып келеді. Жоғарыда аталған халықаралық ән додасында Жанар сөзін Ринат Зайтов жазған «Ізін көрем» атты өз әнін шырқаған болатын.