ЯНГОН. Синьхуа-ҚазАқпарат - Қытайдың Мьянмаға қайырымдылық ретінде бөлген СОVID-19 инфекциясына қарсы вакцина мен медициналық құралдарының кезекті партиясы Янгон халықаралық әуежайында табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қытай елшісі Чэнь Хай ҚХР үкіметі атынан мьянмалық тарапқа вакцина, шприцтер мен 2 ПТР тестіге арналған жылжымалы станцияны берді. Ол пандемия басталғалы қос елдің бір-біріне көмек көрсетіп, коронавирусқа қарсы күресте белсенді әріптестік орнатқанын атап өтті.
Мьянма денсаулық сақтау министрі Тхет Кхайн Вин Қытайдың Нейпьидоға COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның көп көлемін, сондай-ақ шприцтер, дәрі-дәрмек, мобильді зертханалар, жедел жәрдем көліктері, ПТР тестіге арналған жылжымалы станция мен басқа да материалдық көмек көрсеткенін айтып, алғыс білдірді.
Айта кетсек, Қытайдың ғарыш кемесі ұшуға дайындалып жатыр.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.