Жоғалған ұшақтың бортында негізінен қытайлық жолаушылар болған және ресми Бейжің, Малайзия «Боингті» іздеуде барлық мүмкіндікті жұмсаған жоқ деп есептеді. Дегенмен, екі елдің де билігі өзара орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастың 40 жылдық мерейтойына арналған өз шараларын ұсынды. Солардың бірі Малайзияға екі панданың сыйға тартылуы болды.
Олардың аттары - Фува мен Фенхуан. Аударғанда «бақыт» және «Феникс» дегенді білдіреді.