БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстігінде Тяньцзинь қаласында газ жарылып, 23 адам зардап шекті. Оқиға сейсенбі күні болған. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар бюросы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
Апат сейсенбі күні Тяньцзинь порт мегаполисінің Баоди ауданында болған. Жарылыс салдарынан 23 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ауыр халде күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған 15 адам дәрігерлердің бақылауында. Қалған бесеуі медициналық мекемеден шығарылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа заңсыз құрылыс салдарынан газдың ағып кетуі себеп болған.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.