15:55, 24 Сәуір 2009
Қытай мен АҚШ-тың қарым-қатынасы экономикалық өлшемнен әлдеқайда жоғары
АЛМАТЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытай мен АҚШ-тың қарым-қатынасы экономикалық өлшемнен әлдеқайда жоғары. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан 8-ші Еуразиялық медиафорумның «АҚШ-тағы «Жаңа билік» - алғашқы нәтиже, үміт пен болжам» деген тақырыптағы мәжілісінде айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қытай АҚШ-қа долларға қатысты мәселеде көмектесті. Сондай-ақ ол ірі сатып алушы болып қала береді. Біздің қарым-қатынасымыз экономикалық өлшемнен әлдеқайда жоғары. Егер Қытай мен АҚШ бір-бірінің көзіне тура қарап, көптеген ғаламдық мәселелерде өзара келісіп үн қататын болса, менің ойымша, әлемде жақсы болашақ бар», дейді Қытайдың Халықаралық зерттеулер ұлттық қауымдастығының директоры Виктор Гао.