Бұл туралы Куньминьде (Қытайдың Юньнань провинциясы) Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи мәлім етті.
Ян Цзечидің айтуынша, кездесу ықыласты жағдайда өтті және сындарлы болды. «Кеңеске қатысушылар Қытай мен АСЕАН елдерінің арасындағы өткен 20 жылдағы қарым-қатынастардың дамуына жоғары баға берді және көлік байланыстарын, инфрақұрылым құрылыстарын және өзара ынтымақтастықты нығайтуға барлық күш-жігерді салуға шақырды», - деп атап көрсетті Қытай министрі өз сөзінде.
Қытай мен АСЕАН елдері Куньминьде өткен кеңесте сондай-ақ маңызды аймақтық және халықаралық мәселелерді шешудегі өзара іс-қимылдарды әрі қарай күшейту, Қытай-АСЕАН диалогының 20 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өткізу, Қытай-АСЕАН стратегиялық серіктестігінің аясындағы іс-қимылдардың кезекті бесжылдық жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, Куньминде 24-25 қаңтарда ҚХР-АСЕАН елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Бұл шара Қытай-АСЕАН диалогының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған болатын.