Еуразиялық экономикалық одақ делегациясының құрамында келіссөздерге Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің қызметкерлері мен ЕАЭО-қа мүше-мемлекеттердің кедендік органдарының өкілдері болды.
Келіссөздердің алдыңғы раундтарында қол жеткізілген келісушіліктерге сәйкес, ҚХР-ның Бас кеден басқармасы Келісімге қол қойылған соң ЕАЭО елдерінің кедендік органдарына Қытайдан ЕАЭО-ға шығарылатын тауарлар туралы ақпарат ұсынатын болады. Өз кезегінде, ЕАЭО кедендік органдары Қытайдағы әріптестерімен Еуразиялық «бестіктен» Қытайға шығарылатын тауарлар туралы ақпарат беріп отырады.