Туннельді қылмыскерлер контрабандалық тауарларды Гонконгтан Қытайға жеткізу үшін пайдаланып отырған.
Жерасты жолы Шэньчжэнь қаласындағы гараждың ішінен басталып, Гонконгтағы ерекше әкімшілік аймаққа қарасты қалың қамыс басқан тоғайға дейін созылған. Контрабандашылар туннельді электр және жеке вентиляция жүйесімен жабдықтағандығы анықталды.
Мамандар туннельді салуға кем дегенде төрт ай уақыт жұмсалған деп пайымдауда және бұл құрылыстың нарқын шамамен жарты миллион долларға бағалап отыр. Енді полицейлер Гонконгқа терезе ашқан «сәулетшілерді» іздестіру үстінде.