Қытай мен Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» кедені ресми түрде ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 тамызда қытай-қазақстан шекарасында «Қорғас» халықаралық шекарааралық ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) ресми түрде өз жұмысын бастады.

Синьхуа агентігінің хабарлауынша, ХШЫО кеденінің ашылуы Қытай мен Қазақстан арасындағы алғашқы траншекаралық еркін сауда аймағы болып табылатын Орталық кедендік бақылау мен қызмет етудің деңгейін жоғары көтереді.

Кеден сондай-ақ,  Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданын Жібек жолы экономикалық белдеуіндегі жетекші буынға айналдыруда маңызды орын алады.

Қорғас» ХШЫО  - Қытайдың көрші елдермен бірлесіп құрған алғашқы трансшекаралық аймағы.

Орталық қытай-қазақстан шекарасы арқылы созылып жатыр. ХШЫО-ның қытайлық бөлігі - 3,43 шаршы шақырымды, қазақстандық бөлігі  1,85 шаршы шақырымды құрайды.