Салдарынан 14 адам көз жұмды, 47-сі түрлі ауырлықтағы жарақаттар алды. 6 адам оқиға орнында, 8-і ауруханада жан тәсілім етті.
Қатты толқынмен көрші орналасқан үйлердің терезелері сынды. Өрт тек қою түнде сөндірілді.
Алдын ала жасалған болжам бойынша, жарылыс газдың ауаға таралуы салдарынан болды. Оқиғаның нақты себебін анықтау бойынша тергеу амалдары жалғасуда.