«Референдум салдарынан стерлинг фунтына ауыр соққы болғанына қарамастан, фунт жақын арада қайта өсе бастайды. Соңғы уақыттағы фунттың құнсыздануы юаньның девальвациясына алып келе қоймайды, керісінше, юань қолданысы арта түседі. Есеп бойынша 3-5 жылда юань екінші әлемдік валютаға айналады», - деген Вэйдің сөзін келтірді Синьхуа агенттігі.
Ұлыбританияда 23 маусымда елдің ЕО-дағы мүшелігі бойынша референдум өтті. Ресми деректерге сәйкес Еуроодақтан шығуға 51,9% британдық дауыс берді. Референдум нәтижесі жарияланғаннан кейін Қытай Халық банкі референдумнан кейінгі алдын ала іс-қимыл жоспарын әзірлегенін, бұрынғы басталған саясатты жалғастыратынын мәлімдеді.
Бұдан бұрын ХВҚ қытай юанын SDR себетіне енгізуге шешім қабылдаған болатын . 2016 жылғы 1 қазаннан бастап қытай валютасы доллар (41,73%) мен еуродан (30,93%) кейін үшінші орынды иеленіп, себетте 10,92% алады.