Қытай нарығы қазақстандық өнімдер үшін толықтай ашық – Елші

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо қазақстандық өнімдерді өз еліне импорттау әлеуетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ауыл шаруашылығына келер болсақ, әкімшілік жәнекедендік кедергілер түгелдей жойылды. Енді қытай нарығы Қазақстанның ет, құс, ұн, бидай, жалпы кез келген өнімнің импортынатолықтай ашық», - деді Чжан Сяо Қытай халық-азаттық армиясының құрылуына 92 жылтолуына орай өткізілген салтанатты қабылдау шарасында.

Оның айтуынша, Қытай үлкен көлемдегі импортты қажететеді.

«Бар мәселе – өнімдердің көлемінде. Себебі, Қытай – өте үлкен. Ал мұндағы ұсыныстың көлемі –шектеулі (көлемі жөнінен).Қазақстан 5 немесе 50 тонна өнімді көп көруі мүмкін, алайда Қытай үшін бұл –түк емес. Ол тіпті ШҰАА-ға (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы)да жетпейді», - деп мәлім етті елші.


Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚХР-дың ҚазақстанРеспубликасындағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қытайдың халық-азаттық армиясының құрылуына 92 жылтолуына орай салтанатты қабылдау рәсімі өтті. Шараға қазақстандық және қытайлық дипломаттар, екіелдің қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Автор: Азамат Сыздықбаев

Соңғы жаңалықтар