деп хабарлайды Associated Press агенттігі Қытай Халық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, өткен 48 сағатта тағы 2 мың 972 адамнан тұмау анықталды. Оған қоса, Қытайда тұмау ошағы тіркелгеннен бері А (H1N1) тұмауымен ауырудың 82 күрделі оқиғасы орын алды, 29 адам сауығып кетті.
Ал індет басталғалы бері тұмау вирусын 44 мың 981 адам жұқтырған. Дегенмен, бұл статистикаға өз денсаулық сақтау жүйесі бар Гонконгтағы ахуал туралы мәліметтер енгізілмеген.
Қытай өкіметі халық арасында егу шараларын жүргізуде.