Қытай өкіметі қорғаныс саласына арналған шығыстарды қайта арттырмақ
14:19, 04 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Қытай өкіметі ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджетінде қорғаныс саласына қарастырылған шығыстар үлесін өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға арттырмақ,
деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Бейжің ресми өкілі, 2010 жылы қорғаныс саласына 80 миллиардқа жуық доллар жұмсалатынын хабарлады. Бұл Қытайда әскери шығыстардың соңғы 15 жылдағы ең аз көтерілуі.
Әлем проблемаларын зерттеумен айналысатын Стокгольм институтының ақпараты бойынша, 2008 жылы Қытай қорғаныс саласына қарастырылған шығыстары бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шыққан.