Қытай өндірістік сектордағы роботтар санын арттырады

Фото:
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай билігі 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібіндегі роботтар санын 2020 жылмен салыстырғанда екі есе ұлғайтуға тырысады, делінген Қытай Халық Республикасының Индустрия және ақпараттандыру министрлігі мен басқа 16 ведомствосы бірлесіп жариялаған құжатта.

Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Робототехника+ енгізу және іске асыру жоспары» деп аталатын құжат автоматтандырылған механизмдерді қолдануды кеңейтуге бағытталған.

«2025 жылға қарай жоғарыда аталған салада қызмет ететін арнайы роботтарды қолдану жан-жақты артады және елдің робототехника саласының жоғары сапалы әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ету қабілеті айтарлықтай нығаяды», - делінген құжатта.

Жоспар сонымен қатар роботтарды 10 негізгі салада қолдану және робототехника саласындағы 100-ден астам инновациялық қолданбалы технологияда жетістікке жетуді көздеп отыр.

Бұдан басқа, құжатта роботтарды өндіру мен пайдаланудың келісілген инновациялық жүйесін құруға күш салу, сондай-ақ оларды пайдалану стандарттарын әзірлеу мен ілгерілетуді жеделдету ұсынылды.

Өндіріс саласындағы 10 мың жұмысшы санымен өлшенетін роботтардың тығыздығы өндірістегі интеллект деңгейін анықтаудың негізгі көрсеткіші болып табылады.

Фото: www.russian.xinhuanet.com


Соңғы жаңалықтар