Қытайдың Оңтүстік Африка Республикасымен, Лесото, Гвинея-Бисау, Кабо-Верде және Мавритания елдерімен ынтымақтастығын әрі қарай тереңдету мақсатында, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Яжай Цзюнь ағымдағы жылы қыркүйектің 17-сі мен 23-і аралығында аталған елдерге жұмыс сапарын жасайды.
Сапар барысында Чжай Цзюнь екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша аталған бес елдің мемлекет басшыларымен және сыртқы істер министрлерімен келіссөздер өткізуді, сондай-ақ халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша пікірлер алмасуды жоспарлап отыр. Оған қоса, Оңтүстік Африка сапары барысында, Қытай Халық Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасының сыртқы істер министрліктері екінші стратегиялық диалог өткізбек.