Сүңгуір қайықтар судың бетіне шығады және өз маршруттары жайлы қытай билігіне хабарлайтын болады, деп жазды қытайлық China News Service жаңалықтар агенттігі.
«ҚХР аумағындағы судан өтетін шетелдік су асты аппараттары ұлттық туларын жоғары көтеріп, судың бетінде қозғалуы тиіс және бұл жайлы қытай билігін хабардар ету қажет», - деп жазады басылым.