Туындының тұсаукесері 2016 жылға жоспарланып отыр.
Фильм қытайлық Чжуан этникалық азшылығының фольклоры негізінде түсірілмек. Гука есімді жас жігіт сиқырлы киім - bainiaoyi табуға тырысады. Осы киімнің көмегімен ғана Чжуан халқын мазалап жүрген зұлым айдаһарды жеңуге болады.
«Мақсатымыз - "Аватарға" бәсекелес болатын эпикалық шығыс фэнтезиін құру», - деді Century Media Company бас менеджері Чжао Сонг. Фильм 2015 жылдың мамырында Қытайдың оңтүстігінде түсіріле бастайды. Оған «Аватар» және «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдерімен жұмыс істеген режиссерлер жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, «Терминатор 2» және «Айдаһарды қалай ырыққа көндіруге болады» мультфильмінің сценарийшісі тартылады.