Бұл жүйе - американдық GPS пен ресейлік ГЛОНАСС-тың баламасы болып табылады, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Чанчжэн-3" ("Ұлы жорық-3") зымырантасымалдағышы елдің оңтүстік-батысындағы Сичэн ғарыш айлағынан жексенбі күні ұшырылды.
Қытайдың навигациялық жүйесінің алғашқы жерсерігі орбитаға 2007 жылы шығарылған болатын. 2020 жылға қарай 35 жерсеріктен тұратын бұл навигациялық жүйенің көмегімен Қытай орман және су шаруашылығындағы, көлік қатынасындағы жағдайларды, сондай-ақ төтенше оқиғалардың алдын алу және олардың салдарын жою барысын қадағалайтын болады.