Қытай пилотсыз көліктердің жаппай өндірісін бастайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың шілдесінде Қытайда өздігінен басқарылатын автомобильдердің жаппай өндірісі басталады. Бұл туралы Baidu қытайлық корпорациясының басқарма төрағасы Ли Яньхун мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Baidu корпорациясының серіктесі болып табылатын King Long машина жасау компаниясының базасында минивэндер құрастырылса, корпорацияның JAC, BAIC Motor сынды өзге серіктестері автомобильдердің өзге модельдерін шығарады.

Әлемнің көптеген елдері пилотсыз автомобильдер өндірісін жасанды ой-өрісті дамытудың басымдықты бағыты деп қарайды. Қытай олардан қалыс қалмауда.