Қытай пионерлерінің жаңартылған әнұраны бір күннің ішінде интернет хитына айналды
08:50, 03 Маусым 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық пионерлердің «Біз - коммунизм мұрагерлері» әнұранының жаңартылған нұсқасы елде интернет хитқа айналды, деп хабарлайды Росбалт.
Танымал әннің жаңартылған нұсқасы 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында ұсынылған.
«Бұл бейнеде барлығы: ұшқышсыз ұшақтар, гимнасшылар, қызыл галстуктер және Яо Мин (атақты қытайлық баскетболшы), Қытайда ерекше танымал TFBOYS жастар тобы, Қытай Халықтық-азат ету армиясының генералы Чи Хаотянь, сондай-ақ мыңдаған сап түзеп жүріп бара жатқан балалар бар», - деп жазады The Wall Street Journal.
1 маусымда кешке қарай ролик ҚХР-да танымал Weibo әлеуметтік желісінде 140 мың ретвит жинап, Желінің қытайлық сегменті үздіктерінің қатарына ілікті.
Қытайда пионерлері ұйымы 1949 жылы құрылған. Қазіргі кезде оның құрамында 150 млн. жуық бала бар.