Қытай полициясы 3,6 мың қолтырауынды құтқарды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Қытай полициясы заңсыз жолмен ауланған сиам қолтырауындарын құтқарды, деп хабарлайды The Guardian.

Вьетнаммен шекаралас Гуанг Джуанг провинциясында жалпы салмағы 16 тонна болған 3,6 мың кішкентай қолтырауындар  құтқарылды. Олар Гуандонг провинциясының оңтүстігіндегі жергілікті мейманханаларда таңсық ас жасауға қолданылуға жеткізілмек болған. 42 қолтырауын тасымалдауды көтере алмай өліп қалыпты. Ал аман қалғандары бұдан әрі қайда жіберілетіні әлі белгісіз.

BNews.kz