«Ақылды» көзілдіріктерді тағып жүретін видеотехникаға маманданған LLVision Technology неміс компаниясы жасап шығарған. Олар жеке азаматтарға сатылмайды және тек құқық қорғаушы органдарға жеткізіледі.
LLVision бұл сынақ ретіндегі үлгілер екендігін атап өтуде. Онда қазір 10 мың адамның дерегі сақталған. Көзілдірік кісі тұлғасын 100 миллисекундтың ішінде анықтай алады. Онымен бір мезгілде, компанияның атқарушы директоры Ву Феи қылмыскерді дәл анықтауға «қоршаған ортадағы шу» кері әсерін тигізуі мүмкіндігін айтуда.
Қазіргі уақытта қытайлық ғалымдар құрылғының деректер базасына 1,3 млрд тұрғынға қатысты ақпаратты енгізумен айналысып жатыр.