Айта кетейік, Қытайда 1 жылдық мерзіммен антитеррористік операция басталды. Рейд негізінен ислам дінін ұстанатын ұйғырлар мекен ететін ШҰАӨ-нің оңтүстік округтерінде жүргізілді.
Шыңжаң - қауіпсіздік тұрғысынан алғанда бұл елдегі ең тұрақсыз өлке. Қытай билігі хабарлағандай, онда «Шығыс Түркістан» террористік тобы әрекет етеді. Мәліметтер бойынша, олардың «Әл-Каидамен» байланысы бар болуы мүмкін.
Соңғы жарты жылда Қытайда ірі бірнеше теракт орын алды. Естеріңізге сала кетейік, соңғы теракт 22 мамыр күні Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімжі қаласындағы базарда болып, жарылыстан 39 адам қаза тауып, 90-нан астамы жарақаттанды.