Бұл туралы Синьхуа агенттігі полиция мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Дүйсенбі күні Хотан қаласында жүргізілген арнайы шара нәтижесінде полицейлер 1,8 тоннаға жуық жарылғыш заттарды тәркіледі.
Осыған дейін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде полиция мамыр айында террорлық лаңкестік пен діни экстремизмге қатысы бар 23 ұйымды жойып, 200-ден астам күдіктіні құрықтады.
Бұл топтар Хотан, Қашғар және Ақсуда анықталған.
Өткен бейсенбіде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында соңғы уақыттағы Қытай аумағында орын алған ірі лаңкестік оқиғасы болды. Террористердің шабуылынан қаза болғандар саны 39-ға жетті, тағы 86 адам жарақаттанды.