Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы жергілікті үкіметтің төрағасы Нұр Бекри мәлім еткен.
Оның айтуынша, ескерту ретінде аспанға атқан оқтар ешқандай нәтиже бермегендіктен, полиция кейбір тәртіпсіздікке қатысушыларға қарата оқ атуға мәжбүр болған. Нұр Бекридің атап көрсетуінше, жиналған топты тарату кезінде тәртіп сақшылары барынша сабырлылық сақтап баққан, іштерінде жарақат алғандар бар, бір офицер басынан алған жарақатынан көз жұмған.
Жергілікті үкімет басшысының хабарлауынша, соңғы мәліметтер бойынша, Үрімшідегі тәртіпсіздіктің салдарынан 197 адам қаза тапқан, 1700-ден астам адам жараланған. Қаза болғандардың көбісі кінәсіз жергілікті тұрғындар, дейді Нұр Бекри.