Қытай провинцияларының бірінде 500 жылдық мумия табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Хэнань провинциясының Тайкан уезінде құрылыс алаңында Мин әулетінің дәуірінде жерленген қабір табылып, оның ішінде жақсы сақталған мумия болды, деп жазды «Жэньминь жибао» газеті.

Басылымның дерегі бойынша, мумияның жасы шамамен 500 жыл.

Құлпытастағы жазуға сәйкес, қабірдегі адамның аты - Гу Пу. Ол бақылау бұйрығының бастығы болып қызмет еткен. Мумия Солтүстік Сун әулетінің дәуірінде өмір сүрген танымал шенеунік Гу Цзоның ұрпағына тиесілі, делінген хабарламада.