41 контейнерден тұратын теміржол құрамы бүгін таңертең Тайюаньнің "Чжундин" логистикалық паркінен аттанды. Павлодарға дейінгі ара-қашықтық - 3705 шақырым. Екі ел қалалары арасындағы жүк тасымалдайтын теміржол рейсі жүктерді жеткізу мерзімін жеті күнге дейін азайтады.
Тайюань-Павлодар желісі Шаньси провинциясынан Орталық Азия өңіріне шығатын алғашқы жүк рейсі болып табылады.