«Бұл шешім бірлескен декларацияға енгізілді, кездесу өткен аптада Үндістанда АҚШ президенті Б.Обама болғаннан кейін өтті», - деп жазады Қытайдың ағылшынтілді басылымы «Қытай, Ресей және Үндістан өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құрады» деген мақаласында.
Қытай сарапшылардың пікірінше, жаңа консультациялық тетік үш елдің Азия-Тынық мұхит ауданы проблемаларын шешудегі іс-қимылын үйлестіруге бағытталмақ. Мысалға, Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының Оңтүстік Азияны зерттеу институтының ғылыми қызметкері Е.Хайлинь үш елдің өңірдің болашағы және бір-бірімен рөлі жөніндегі көзқарастары әртүрлі деп пайымдайды.