«Қазақстанды ДСҰ-ға кіруімен құттықтаймын! Бұл тек сіздің ел үшін ғана емес, тұтастай, әлемдік экономиканың (оның ішінде ДСҰ-ға мүше 160-тан астам мемлекеттер) дамуы жолында маңызы зор. Қазақстан бәсекеге қабілетті өндіріс, инвестиция ағыны, әріптестермен тауар айналымының өсімі сияқты көрсеткіштермен ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қаржы-экономикалық, экологиялық, саяси тұрақтылықты нығайтуға қосар үлесімен ДСҰ-ның лайықты да мықты мүшесіне айналады. ҚР дамуы барысында өңделген бірегей идеялар мен жаңа тұжырымдамалар әлемдік қауымдастыққа кеңінен тарай түседі. Мысалы Қазақстан жаһандық дағдарысты құбылыстарға қарсы тұратын жаңа тиімді тұжырымдарға (ӘӨСШК, «жасыл көпір», G-Global) бастамашылық етті», - деді ол.
13:01, 25 Маусым 2015
Қытай сарапшысы: Қазақстан ДСҰ-ның лайықты да мықты мүшесіне айналады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан ДСҰ-ның лайықты да мықты мүшесіне айналады, ал ҚР дамуы барысында өңделген бірегей идеялар мен жаңа тұжырымдамалар әлемдік кеңістікке барынша кеңінен тарала түседі. Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Қытай қоғамдық ғылым академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны (ИРВЕЦА) зерделеу институты басшысының орынбасары Чжан Нин мәлімдеді.