Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.
Лучжоу қаласында орналасқан Таоцзыгоу шахтасында апат сенбі күні таңертең, жүзден астам кенші жұмыс істеп жатқан кезде орын алды. 81 адам құтқарылды, олардың 16-сы жарақаттар алды.
Тәулік ішінде Қытай шахталарында адамдардың өліміне алып келген екі апат болды. Жұма күні оңтүстік-батыстағы Гуйчжоу провинциясында газ жарылып, 12 адам мерт болды.
Қытайлық шахталар биліктің жағдайды түзеу әрекеттеріне қарамастан қауіпті болып саналады. Оларда болған оқиғалардың салдарынан 2012 жылы 1300-ден астам адам көз жұмды. Өлімге және жарақаттарға әдетте техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамау алып келеді.