Қытай шахтерлері су басқан шахтадан бір аптадан кейін құтқарылды

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайда 19 шахтер бір апта су басқан шахтада қалған жерлерінен бүгін жердің бетіне шығарылды.

Синьхуа агенттігі хабарлағанындай, оларды Цитайхэ шахтасынан құтқару үшін (Солтүстік Батыс Қытайдағы Хэйлунцзян провинциясы) 130 мың шаршы метр жердің суын басқа арнаға айдап, басты нысандағы оның деңгейін 36 метрге төмендету керек болды.

Шахтерлер көтергіштің шаршысынан өздері түсті. Құтқарушылар енді үш кеншіні іздестіруде.