«Синьхуа» агенттігінен хабарлағандай, бұл ұсыныстар ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің кеңсесі мен ҚКП ОК нұсқауында бар. Шенеуніктер мен партиялықтарды зиянды әдеттен тек бас тартып қоймай, сонымен бірге әріптестеріне темекіні тастауға көмектесуге шақырды. Сонымен бірге, бюджет қаржысына темекі өнімдерін сатып алу жазаланады, мемлекеттік органдарда темекіні жарнамалауға және сатуға тыйым салынады.
Қытайда темекі тарту әлеуметтік өмірдің маңызды факторы болып табылады. Бұл ел әлемде табак өнімдерінің ірі тұтынушыларының бірі. 1,35 миллиард қытайлықтың шамамен 350 миллионы темекі тартады, деп хабарлады Лента.ру.