10:12, 26 Наурыз 2009
Қытай шенеуніктерінің әкімшілік шығыстары қысқартылуда
БЕЙЖІҢ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Партиялық-мемлекеттік аппарат органдарында қатаң үнемдеу режімін енгізу туралы Қытай үкіметінің қаулысына сәйкес, елдің Қаржы министрлігі орталық атқарушы билік құрылымдарының әкімшілік шығыстарына бөлінетін қаржы қысқартылатынын жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2009 жылы қытайлық шенеуніктер үшін шығыстар: «қызмет бабындағы шетелдік сапарлар» бабы бойынша - 20 пайызға, «қызмет көліктері» бабы бойынша ? 15 пайызға, хаттамалық іс-шаралар бойынша -10 пайызға қысқарады. Қатаң үнемдеу режімі мемлекеттік бюджеттік ұйымдарға, армия мен полицияға да қатысты.