Қытай ШҰАӨ халықаралық сауда орталығына айналдырмақ

None
АЛМАТЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) сыртқы сауда айналымының 85 пайызы Орталық Азия елдерінің үлесінде.
Оны ШҰАӨ Сыртқы сауда байланысы және экономикалық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Сунь Чжэньсяо бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылы ШҰАӨ-ның сыртқы сауда айналымы 22 миллиард 200 миллион долларды құрады. Оның 85 пайызы Орталық Азияның 5 мемлекетінің үлесінде. Қазақстан сауда-экономикалық қарым-қатынаста ШҰАӨ-нің үлкен серіктесіне айналды. Болашақта өлке Қытайдың батыс бөлігіне экспортталатын өнімді өңдейтін және көліктік-диспетчерлік база болып, халықаралық сауда ісінде аймақтық орталық болады», дейді ШҰАӨ Сыртқы сауда байланысы және экономикалық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары Сунь Чжэньсяо. Оның айтуынша, олар бұл мақсатқа жетуде Қытайдың провинцияаралық және Орталық, Оңтүстік, Батыс Азия мен Еуропамен сырты экономикалық байланысына үміт артып отыр.