Қытай Шығыс Сібір-Тынық мұхит мұнай құбырын салуға кірісті

None
МӘСКЕУ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – ҚХР-дың солтүстік-шығысында ресей-қытай мұнай құбырының қытайлық учаскесінің құрылысы басталды, ол Шығыс Сібір – Тынық Мұхит мұнай құбырының бір тармағы болып табылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін Синьань кентінде болған ашылу рәсімінде ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері Ван Цишань мәлімдеді.Құбыр тармағының ұзындығы 950 шақырымнан асады. Қытай тарапынан да, ресейлік тараптан да мұнай құбырын салу келесі жылдың соңында аяқталмақ. Ал 2011 жылы ол пайдалануға беріледі.