Бұл шараны өткізу туралы Қытай Жария дипломатиясы қауымдастығы мен Бейжің шет тілдері университеті және Қытай Халықаралық баспасөз орталығы жанындағы ШЫҰ баспасөз орталығы бастама көтерді.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінен келген 12 журналист Қытайдың мәдениетімен және дәстүрімен, сондай-ақ ел өңірлерінің дамуымен танысатын болады. ҚХР ғалымдарымен, журналистерімен және саясаткерлерімен кездесулер өтеді.
Баспасөз турының ашылу рәсімінде сөз алған ҚХР СІМ ақпарат және баспа департаменті директорының орынбасары Ли Минганның айтуынша, қатысушылар Қытайдың бес мың жылдық тарихымен ғана емес, ҚХР жаңа жетістіктерімен: жоғары жылдамдықты теміржолдармен, қытайлық электрондық төлем және Интернет-сатылым жүйесімен танысатын болады.
Сондай-ақ баспасөз турының ашылуында Қытай жария дипломатиясы қауымдастығының төрағасы Гун Цзяньчжун, Бейжің шет тілдері университетінің проректоры Сунь Ючжун және Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі сөз сөйледі.
Еске сала кетсек, ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының 18-інші саммиті 2018 жылы маусымның басында шығысқытайлық Шаньдун провинциясындағы Циндао қаласында өтеді.