Қытай Солтүстік Кореяға қаруға негізделген материалдарды экспорттауға тыйым салды

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚХР билігі зымырандар мен ядролық, химиялық және биологиялық қаруды жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдарды Солтүстік Кореяға тасымалдау шектеулерін күшейтті.

ВВС-дің жазуынша, ҚХР Сауда министрлігі аталған шектеулер БҰҰ тарапынан Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды сақтауға көмектесетінін мәлім етті.

Қытай дәстүрлі түрде КХДР-ді ірі сауда әріптесі деп санайды.

Алайда, сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея биыл үшінші ядролық сынақты жүргізгеннен кейін Бейжіңнің көршілес елге деген қарым-қатынасы өзгере бастады.

Наурыз айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы санкцияларды қатаңдатқан болатын, оның ішінде аталған елдің жаппай қырып-жою қаруын әзірлеуге қатысты болуы мүмкін қаржылық операцияларына енгізілген шектеулер бар.