Қытай соңғы бес жылда экономикасының даму қарқыны бойынша дүниежүзіндегі елдердің көшбасшысы болып отыр

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Қытай 11-ші бесжылдықта экономикасының даму қарқыны бойынша дүниежүзіндегі елдердің көшбасшысы болып отыр.

Бұл туралы бүгін Қытайдың "Жэньминь жибао" газеті жазды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

"2010 жыл әлі аяқталмаса да 11-ші бесжылдықта Қытай экономикасының өсуі жаңа екпін алғандығы айдан анық",- деп жазады баспасөз өкілі. "2006-2009 жылдары 4 жыл ішінде ЖІӨ орташа өсуі 11,4 пайызды құраған",- деп хабарлайды "Жэньминь жибао".

Сондай-ақ елде айтарлықтай табиғи апаттардың орын алғандығына және де экономикадағы әлемдік қары дағдарысына қарамастан ЖІӨ жоғары қарқынмен өсуде, деп жазылған мақалада.