«Ан-72 қазақстандық көліктік ұшағының көптеген адамның өмірін қиып әкеткен апаты туралы хабарламаны азалы күйде қабылдадым.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің және өзімнің атымнан олардың туыстарына көңіл айтамын», - деп атап өтілген жеделхатта.
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа Шымкент маңында 25 желтоқсанда орын алған, 27 адамның өмірін қиған ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.